Бизнес-ортадағы заманауи зерттеулер: резиленттілік, қатыстылық, басқару құзыреттері, корпоративтік мәдениет

31 қазан 2025 жылы «Тұран» университетінің Жоғары бизнес мектебінде «Бизнес-ортадағы заманауи зерттеулер: резиленттілік, қатыстылық, басқару құзыреттері, корпоративтік мәдениет» атты онлайн әдістемелік семинар өтті.

 

Семинар спикері — Human Factor Consulting LLC компаниясының директоры, бизнес-тренер, HR және стратегиялық даму жөніндегі кеңесші, сондай-ақ FinTech және GameDev салаларындағы Pleyy Group компаниясының Chief Human Resources Officer-ы Дана Фербер.

 

Іс-шарада басқарушылық құзыреттерді дамыту, корпоративтік мәдениетті нығайту және өзгермелі бизнес-ортада ұйым тұрақтылығын арттыру тәсілдері талқыланды. Қатысушылар заманауи HR-тәсілдерді қолдану және қызметкерлердің қатыстылығын күшейту бойынша практикалық ұсыныстар алды.

 

Семинар Жоғары бизнес мектебі директоры Н.А. Алдабергеновтың жетекшілігімен ұйымдастырылды және бұл іс-шара оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік кездесулер сериясының құрамына енеді.

Online қабылдау