19–22 қараша аралығында Тұран университетінің «Туризм» білім беру бағдарламасының командасы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында өткен белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша VIII халықаралық олимпиадаға қатысты.
Университетімізді 4-курс студенті, команда капитаны Александр Белоусов және 2-курс студенттері – Мансия Арстанбекова, Гузяль Илахунова, Виктория Калинина, Әмірдин Амербакиев таныстырды.
Еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан келген 11 команда спорттық бағдарлаудан, шартты таулы кедергілерден өту және жоба қорғау бойынша сайысқа түсті. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша біздің команда 3-орынды иеленді.