«Туризм» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті бірінші курс студенттерімен Эльбрус шыңына шығу тәжірибесімен бөлісті

2025 жылғы 25 қарашада «Туризм» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Скопина Дарья бірінші курс студенттерімен мотивациялық кездесу өткізіп, Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрус тауына (5642 м) жасаған алғашқы биіктікке шығу тәжірибесімен бөлісті.

 

Дарья өз жолының қалай басталғаны, тауға дайындық кезеңі және Тұйықсу альпинистік лагерінде алған тәжірибесінің оның қалыптасуына қалай әсер еткені туралы айтты. Оның айтуынша, акклиматизация өте жақсы өткен, сондықтан да ол ратраксыз өрлеуді таңдаған. Екінші гидпен бірге олар негізгі топтан ертерек шығып, 5000 метр белгісіне дейін көтеріліп, сол жерде негізгі топпен жолыққан. Ең қиыны, деп атап өтті Дарья, өзіне тән емес қарқынмен жүру болған, өйткені бұл көптеген қатысушылар үшін алғашқы биіктік тәжірибесі еді.

 

Сондай-ақ ол шығу алдындағы түнде ұйықтай алмағанын, ал 5000 метрге қайта оралған кезде артта 16 сағаттық жол және ұйқысыз өткен екінші тәулік қалғанын айтты. Төмен түсу кезінде Дарья ратракты пайдалануды жөн көрген.

 

«5642 м – биіктік белесіндегі жаңа межем!» – деп атап өтті Дарья, гидтер Александр Елисеев пен Надежда Ермаковаға, сондай-ақ Mountainguide командасына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп.

 

Бірінші курс студенттері кездесуге үлкен қызығушылық танытып, дайындық, жабдықтау, физикалық жүктеме және биіктікке шығудың ерекшеліктері туралы көптеген сұрақтар қойды. Кездесу соңында олар Дарьяға шабыттандыратын баяндамасы және жаңа белестерге ұмтылуға деген мотивациясы үшін алғыс айтты.

 

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби ортаға тереңірек енуіне, туризм индустриясының шынайы талаптары мен қиындықтарын түсінуіне мүмкіндік береді және олардың таңдаған салада дамуына ықпал етеді.

Online қабылдау