UniBeat клубының кинокештері

«Тұран» университетінде студенттердің белсенділігін арттыруға бағытталған қызықты әрі креативті іс-шараларды ұйымдастыру үшін жаңа UniBeat ивент-клубы өз жұмысын бастады. Клуб командасы ­– кампустың өмірін мазмұнды, жарқын және шабытты етуге талпынатын талантты әрі бастамашыл студенттер.

 

UniBeat клубының алғашқы жобаларының бірі – кинокештер, олар студенттер арасында тез арада танымал болды. Алғашқы кеш қорқыныш жанры тақырыбында өтіп, қонақтарды тылсым атмосферасымен, ерекше декорымен және интерактивті сайыстарымен тәнті етті. Екінші кеш – романтика мен шабыт рухында өтті. Сахнада Turan’s Trumps, Muslab және TeArt шығармашылық ұйымдары өнер көрсетіп, көрермендерге музыкалық және театрлық нөмірлер ұсынды.

 

Қонақтар фильмдерден ләззат алып қана қоймай, түрлі ұтыс ойындары мен конкурстарға да қатысты. Ең белсенді қатысушылар «Тұран» университетінің фирмалық мерчін және достарымен белсенді демалысқа арналған сертификаттарды иеленді.

 

UniBeat ­– жас әрі энергияға толы ұйым, бірақ қазірдің өзінде жарқын жобаларымен аты шығып үлгерді. Клуб командасы шығармашылық, шабыт және достық атмосферасын қалыптастырып, «Тұран» университеті студенттерін қызықты әрі есте қаларлық іс-шаралар арқылы біріктіруде.

Online қабылдау