Студенттердің негізгі құзыреттерін дамыту: «Тайм-менеджмент» тақырыбы

Студенттердің практикалық дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін нығайтуға бағытталған стратегиялық әріптестік аясында «Тұран» университетінде «Тайм-менеджмент» тақырыбында арнайы шеберлік сабағы (мастер-класс) өтті.

Аталған іс-шараны Centras компаниясы, сондай-ақ «Тұран» университетінің Экономика және менеджмент жоғары мектебі мен Мансап және көшбасшылық орталығы ұйымдастырды.

Шеберлік сабағының спикері корпоративтік оқыту және дамыту саласында үлкен тәжірибесі бар, танымал халықаралық сертификатталған бизнес-тренер және коуч ЭЛЛА КРЕМЕР болды:

  • Сақтандыру саласындағы тәжірибесі: 2013 жылдан бастап.
  • Оқытудағы өтілі: 10 жыл.
  • Тренингтік тәжірибесі: 500-ден астам оқу өткізген.
  • Авторлық бағдарламалары: 20+ soft skills тренингтерінің және 50+ hard skills оқыту бағдарламаларының авторы.
  • Корпоративтік жобалар: Centras Academy кураторы, «Коммеск Көшбасшылық Жоғары мектебі» бағдарламасының авторы, Centras Leadership Program жетекші тренері және WinCent корпоративтік үстел ойынының авторы.

Шеберлік сабағы барысында студенттер тиімді жоспарлаудың, басымдықтарды орнатудың және прокрастинациямен күресудің заманауи әдістемелерімен танысты. Э. Кремер практикалық құралдармен бөлісіп, жеке және кәсіби мақсаттарға жету үшін уақытты сауатты басқарудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар академиялық ортада және болашақ кәсіби қызметте жеке өнімділікті арттыруға және стрессті азайтуға қажетті дағдыларды алды.

Тайм-менеджмент бойынша өткізілген бұл шеберлік сабағы «Тұран» университетінің негізгі soft skills дағдыларына ие, жоғары білікті, бейімделгіш мамандарды даярлау миссиясын іске асырудағы маңызды қадам болды.

«Тұран» университетінің Әкімшілігі Centras компаниясына берілген мүмкіндік және білім беру процесіне қосқан құнды үлесі үшін терең алғысын білдіреді, осылайша теориялық оқытуды сала көшбасшыларының практикалық тәжірибесімен біріктіру бағытын растайды.

Online қабылдау