«Тұран» университетінде заманауи цифрлық технологияларды білім беру процесіне интеграциялауға бағытталған ынтымақтастық аясында 24 қарашада «ERP (Odoo) жүйесіне кіріспе. Қазіргі компаниялар бизнес-процестерді қалай автоматтандырады» тақырыбында арнайы интерактивті воркшоп өтті. Іс-шара онлайн форматта (Google Meet) ұйымдастырылды.
ㅤ
Ұйымдастырушылар Odoo компаниясы, Жоғары бизнес мектебі және «Тұран» университетінің Мансап және көшбасшылық орталығы болды.
ㅤ
Іс–шараның спикері Татьяна Ким (Tatiana Kim), Education Program Consultant, Odoo атанды.
ㅤ
Қазіргі әлемде цифрлық трансформация қажеттілікке айналды, ал тиімділік пен өсуге ұмтылатын компаниялар автоматтандыру жүйелерін белсенді түрде енгізуде.
ㅤ
ㅤ
Воркшоп қатысушылары келесі мәселелермен танысты:
ㅤ
ㅤ
ㅤ
Компаниялардың Odoo жүйесін автоматтандыру үшін қалай қолданатынын көрсететін практикалық кейстерге ерекше назар аударылды:
ㅤ
Воркшоп бизнеске арналған цифрлық шешімдерге қызығушылық танытқан студенттердің назарын аударды. Іс-шараның қорытынды бөлігінде Odoo компаниясымен болашақ бірлескен шеберлік сабақтары мен практикалық жобалар жоспарлары талқыланды, бұл «Тұран» университетінің студенттері үшін IT және бизнес-аналитика саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.
ㅤ
«Тұран» университетінің Әкімшілігі Odoo компаниясына және жеке Татьяна Кимге жоғары кәсібилігі мен біздің қоғамдастықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға қосқан құнды үлесі үшін алғысын білдіреді.