Желтоқсан айында өтетін кітап көрмелері

Желтоқсан айында кітапхана оқырмандарды маңызды оқиғаларға, экономикаға және мәдениетке арналған жаңа тақырыптық көрмелермен танысуға шақырады.

 

 

Менеджмент

 

Көрмеде қазіргі заманғы басқару әдістері, стратегиялық жоспарлау және ұйымдық дамуға арналған ең қызықты кітаптар мен зерттеулер ұсынылған.

 

Бұл басылымдар компаниялардың жұмысын қалай тиімді басқару , командаларды үйлестіру мен стратегиялық шешім қабылдаудың әдістерін түсінуге мүмкіндік береді.

 

 

Әлемдік және ұлттық экономика

 

Көрмеде жаһандық экономикалық тенденциялар, ұлттық экономиканың дамуы, сауда, қаржы және инвестициялар туралы кітаптар мен зерттеулер жинақталған.

 

 

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

 

Тәуелсіздік күніне арналған көрмеде тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы, ұлттық тарих, мәдениет және ел дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалар туралы кітаптар ұсынылған.

 

 

ALEMrecords

 

ALEMrecords көрмесі адамзат жетістіктері, рекордтар, ғылыми жаңалықтар және Гиннесс рекордтар кітабында тіркелген ерекше оқиғалар туралы мәліметтермен таныстырады.

Online қабылдау