28 қараша 2025 жылы «Тұран» университетінің Экономика факультетінің Қаржы және есеп жоғары мектебі «Финансы» және «Учет и аудит» білім беру бағдарламаларының студенттері арасында ұлттық валюта – теңге күніне және қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит салалары қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне арналған дәстүрлі V Халықаралық онлайн-олимпиаданы «FINVISION 2025» өткізді.
Халықаралық онлайн-олимпиада “FinVision 2025” қазіргі қаржы, есеп және аудит, цифрлық технологиялар мен қаржылық қауіпсіздік салаларында терең білімі мен креативті ойлау қабілеті бар студенттерді анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Олимпиада 2 кезең бойынша өткізілді. Бірінші (іріктеу) кезеңге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан университеттерінен 29 команда тіркелді. Қатысушыларға олимпиада тақырыбы бойынша мини-кейс ұсынылып, сондай-ақ «10 жылдан кейін қаржы әлемін өзгертетін бір инновация» сұрағына креативті және негізделген жауап дайындау тапсырылды.
Іріктеу нәтижелері бойынша, 1-кезең критерийлері (креативтілік, бірегейлік) ескеріле отырып, финалға 14 команда өтті. Олар цифрлық қаржы мен есеп, қаржылық қауіпсіздік, қаржылық және бухгалтерлік технологиялар саласындағы инновациялар бойынша жобалардың презентацияларын ұсынды.
Қазылар алқасының құрамына мемлекеттік органдар мен компаниялардың түрлі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Жоғары мектептің педагогикалық ұжымы қатысты.
Студенттердің жұмыстары мен қазылар шешіміне сәйкес, жеңімпаздар анықталып, «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов Р.А. қол қойған I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша жеңімпаздар
I дәрежелі диплом
II дәрежелі диплом
III дәрежелі диплом
«Бухгалтерлік есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша жеңімпаздар
I дәрежелі диплом
II дәрежелі диплом
III дәрежелі диплом
Серіктес жоғары оқу орындарына және қазылар алқасы мүшелеріне «Тұран» университетінің Қаржы және есеп жоғары мектебі ұйымдастырған ғылыми іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Алдағы уақытта да өзара тиімді және нәтижелі ынтымақтастық жалғасады деп сенеміз.