Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі Қазақстан журналистер Одағымен бірлесіп Халықаралық симпозиум өткізді

2025 жылғы 5–6 қараша аралығында «V Түркі әлемі: байланыс және өнер» халықаралық симпозиумы «Тұран» университеті мен Қазақстан журналистер одағының ұйымдастыруымен өтті.

 

Іс-шараға түркі елдерінен келген ғалымдар, журналистер, өнер және коммуникация саласының мамандары қатысты.

 

Симпозиум барысында «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебінің магистранты Сейдалы Алина мен  Жолдасбай Томирис, Тынысбекова Аршат, Иглік Малика, Ширинтай Аружан, Төреқұл Тоғжан,  Құнанбай Диана, Утепберген Аяулым, Серікова Шұғыла, Тайғара Гүлдана, Қайратқызы Балжан, Дүбек Анель  студенттері  түрік тілінен  аудармалар жасап, симпозиумның ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстарына атсалысты.

 

Бұл тәжірибе олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және аударма мен коммуникация саласындағы практикалық дағдыларын нығайтуға ықпал етті.

 

Симпозиумға қатысу студенттер үшін халықаралық тәжірибе жинақтауға және кәсіби байланыстар орнатуға маңызды мүмкіндік болды.

Online қабылдау