Тұран бала білге академиясы Түркі әлеміне құтты болсын!

Тұран университеті жанында құрылған Тұран Академиясының 2025 жылдың 8 қазанындағы құрылтай жиналысында қабылданған шешімге сәйкес, Әзербайжандағы Hedef Group лицейлерінің басшысы, Шамиль Садыгов мырзаның бастамасымен Баку қаласында “Tұран бала білге академиясы» құрылды. 9 елден қатысу қамтамасыз етілді.

 

Тұран университеті ректоры, Тұран Академиясының президенті Алшанов Рахман Алшанұлы мен сыртқы байланыс және докторантура жөніндегі проректоры, Тұран Академиясының вице-президенті Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызы «Тұран бала білге академиясының” құрметті мүшелері болып тағайындалды.

 

Алшанов Рахман Алшанович Нахчыуанның табиғи тас тұзынан жасалған және үстіне Орхон–Енисей жазуы қашалған «Тұран бала білге академиясының” алғашқы марапаты – “Тұран Білгесі” сыйлығымен марапатталды.

 

“Тұран бала білге академиясының” құрылуы ортақ түркі мәдениеті, тарихы, тілі мен ғылыми дәстүрлерін зерттеу және насихаттау, түркітілдес елдер мен қауымдастықтарда ғылым, білім және инновацияларды дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу, түркі халықтары мектеп оқушылары арасындағы ынтымақтастық пен академиялық-мәдени байланыстарға үлес қосу тұрғысынан маңызды болып табылады.

 

Академияда ұлттық куәлік пен даналыққа негізделген, технологиялық, рухани құндылықтарға бай, болашаққа ойымен бағыт беретін түркі жастарының моделі қалыптастырылуы тиіс. Бұл жастар тарихын білетін, болашағын құра алатын және адамзат ғылымына интеграциялану қабілеті бар ұрпақ болуы керек.

 

Тұран бала білге академиясы Түркі әлеміне құтты болсын!

Online қабылдау