2025 жылғы 22 қарашада «Тұран» университетінде «PROGGY-BUGGY CONTEST 2025» бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада өтті, оны DataArt Халықаралық IT компаниясы және ақпараттық технологиялар жоғары мектебі ұйымдастырды.
PROGGY-BUGGY CONTEST – бағдарламашыларға арналған халықаралық олимпиада, оған соңғы 10 жылда 60 елден 10 мыңнан астам адам қатысты. Жыл сайын Қазақстаннан қатысушылар жүлделі орындарға ие болады.
Олимпиадаға оқушылар, студенттер, бағдарламашылар, тестеушілер және бағдарламалардың қалай жазылатыны туралы түсініктері бар адамдар қатысты. Қатысушылардың 13 есептерді шешуге небәрі 42 минуты болды.
Биылғы жылы PROGGY-BUGGY CONTEST 2025 бағдарламалау бойынша халықаралық байқауға 37 елден 684 команда қатысты, оның ішінде 13 команда “Тұран” университетінде оффлайн режимінде қатысты.
Мережко Олег, Белоусов Лев және Аспандияров Диастан құралған «One_more_line» Қазақстан командасы «Supeheros» санатында 3-орынға ие болды (өткен конкурстардың жеңімпаздары). Ал Төрекелді Әбілмансұр, Пердебай Рамазан және Сырғабаев Нұрисламнан құралған «Master_ka4ka» командасы Алматыда офлайн қатысушылар арасында үздік нәтижелер көрсетіп, DataArt компаниясынан жүлдеге ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық басқа командаларға сәттілік тілейміз!