Тұран университеті халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуді жалғастыруда

2025 жылдың 20 қарашасында Тұран университетінде халықаралық кездесу өтті. Кездесуге Symbiosis International University (Үндістан) академиялық бағыттар бойынша директоры және жаһандық ынтымақтастық пен серіктестіктерді дамыту бөлімінің жетекшісі Asmita Dani қатысты.

 

Symbiosis International University 50 жылдан астам тарихы бар Үндістанның жетекші университеті, ұлттық және халықаралық деңгейде, оның ішінде THE және QS рейтингтерінде жоғары бағаланған. Университет Үндістанның алты қаласында кампустарға ие және Дубайда халықаралық өкілдігі бар.

 

Тұран университеті атынан кездесуге сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректор Таяуова Г. Ж. және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші Асхат Гулнаш қатысты.

 

Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасу мүмкіндіктерін, шетелде оқу семестрлерін, сондай-ақ екі университет үшін жаңа халықаралық перспективаларды ашатын бірлескен ғылыми және зерттеу жобаларын талқылады.

 

Тұран университеті халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, әлемнің жетекші университеттерімен байланыстарын нығайта бермек!

Online қабылдау