Поэзияның сиқырлы жолдары…

Мұндай кештердің жастар үшін маңызы зор, әсіресе дағдарыстар мен жаһандық қақтығыстар кезеңінде. Поэзия арқылы жастар өз эмоцияларын, күрделі ішкі толғаныстарын, көзқарасы мен наным-сенімдерін еркін білдіре алады. Сонымен қатар, бұл – халықаралық деңгейдегі маңызды мәдени диалог, ол шығармашыл адамдар мен бұрынғы отандастар арасындағы ізгі қарым-қатынасты және өзара түсіністікті сақтауға мүмкіндік береді. Осында, «Тұран» университетінің Ақ залында, біз өз ойымызбен үндес жандарды тауып, жалпыадамзаттық құндылықтармен байланысымызды нығайтамыз.

 

Қазақстан тарапынан өз шығармашылығымен ән авторы, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің немересі Дина Алдабергенова, қазақстандық ақын, публицист әрі баспагер Вадим Дергачев, сондай-ақ әндердің авторы әрі орындаушысы Тимур Почанов бөлісті.

 

Ресей тарапынан РАНХиГС жанындағы Волгоград басқару университетінің студенттері орыс ақыны Сергей Есениннің туғанына 130 жыл толуына арналған поэтикалық этюдтерін тыңдарманға ұсынды.

 

 

Қазақстандық қатысушылар арасында жүлдегер атанғандар:

 

1-орын – Тлеухан Дильназ («Тұран» университеті);

2-орын – Авакова Аврелия (JOS лицейі);

2-орын – Дәурен Нұрдаулет («Тұран» университеті);

3-орын – Бурабаева Вероника (Кәсіпкерлер мектебі);

3-орын – Асадчий Савелий (JOS лицейі).

 

 

Ресейлік қатысушылар арасында жүлдегер атанғандар:

 

1-орын – Калмыкова Анастасия (Волгоград басқару институты);

2-орын – Смолянинова Нина (Волгоград басқару институты);

2-орын – Каменнова Эмилия (Волгоград басқару институты);

3-орын – Король Полина (Волгоград басқару институты).

 

Алғыс хатпен Кононенко Анна-Мария мен Иванов Никита марапатталды.

 

Көрермендер көзайымы жүлдесі – Таисия Гордиенко.

 

Барлық қатысушыларға тамаша әрі жылы кеш үшін алғыс білдіреміз. Халықаралық ынтымақтастық «Тұран» университетінің Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебінің (Алматы, Қазақстан) оқытушылары мен РАНХиГС жанындағы Волгоград басқару институтының Мемлекеттік және муниципалдық басқару факультеті құрамындағы лингвистика және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының әріптестерінің арқасында жүзеге асты.

Online қабылдау