Психология жоғары мектебі практикалық психологияның халықаралық PSYFEST-TURAN фестивалін өткізді

13 желтоқсанда «Тұран» университетінде Психология жоғары мектебі ұйымдастырған және Қазақстан Республикасындағы Психолог күніне орайластырылған практикалық психологияның халықаралық фестивалі PSYFEST-TURAN өтті.

 

Фестиваль жүздеген қатысушыларды — студенттерді, жас мамандарды және тәжірибелі сарапшыларды біріктірді. Іс-шараға Психология жоғарғы мектебінің барлық білім беру деңгейінде оқитынт білім алушылар— бакалаврлар, магистранттар және докторанттар қатысты. 20-дан астам жетекші тренерлер тұлғалық даму, стресс-менеджмент және заманауи психотерапиялық тәжірибелер бойынша өзекті бағыттарды қамтыған шеберлік сабақтарын өткізді. Бағдарлама сенімдермен жұмыс істеу мен эмоционалдық тұрақтылықтан бастап арт-терапия, EMDR, КПТ және топтық өзара әрекеттесуге дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтып, тұлға, эмоциялар және қарым-қатынастар психологиясына заманауи көзқарасты көрсетті.

 

Барлық қатысушыларға, тренерлерге және серіктестерге бұл жарқын оқиғаны жасауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.

 

Психология жоғары мектебі әлеуметтік желілерде

Online қабылдау