«Тұран» университеті үшін 2025 жылдың негізгі, қысқаша қорытындылары

Аяқталып отырған жылдағы маңызды оқиғалардың қатарына Times Higher Education Impact Ranking 2025 және QS World University Rankings 2026 рейтингтерінің қорытындыларын атауға болады. Қазіргі уақытта әлемде шамамен 32 мың университет, Азияда 17 мың университет, ал Орталық Азияда 430 университет бар, 1,8 млн студент білім алуда.

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Тұран» университеті 32 мың жоғары оқу орны қатысқан алғашқы конкурс нәтижесінде 1001–1500 тобына енді. Атап айтқанда, келесі көрсеткіштер бойынша орын алды: «Лайықты еңбек» – 401-600 орын, «Тиімді институттар» – 601-800 орын, «Сапалы білім» – 1000-1500 орын.

 

QS World University Rankings Asia 2026 рейтингінде Азия бойынша «Тұран» университеті 16,6 мың азиялық университеттің ішінде 1001–1100 орынды иеленді. Осы рейтингтің ASIA 2026: Central Asia санатында «Тұран» университеті өңірдегі 430 университеттің арасында 59-орынға тұрақтады.

 

Ұлттық рейтингтер қорытындысы бойынша 65 білім беру бағдарламасының ішінде: бакалавриат – 29, магистратура – 29, докторантура – 7.

 

«Атамекен» ҰКП рейтингінде 15 білім беру бағдарламасы топ-10 қатарына енді.
АРТА (НААР) деректері бойынша «Тұран» университеті 2025 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының сұранысқа ие болу ұлттық рейтингінде 6-орынды иеленді.

 

Топ-20 жоғары оқу орнының Бас рейтингінде «Тұран» университеті 6-орынға ие болды.

 

 

IAAR рейтингі бойынша:

 

  • докторантураның «Бизнес, басқару және құқық» білім беру бағдарламалары бағытында жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингінде 1-орын;
  • магистратураның М029 – «Кино режиссурасы» білім беру бағдарламалары тобы бойынша 1-орын.

 

 

АРТА–2025 рейтингтік зерттеулерінің қорытындысы бойынша «Тұран» университетінің білім беру бағдарламаларының топтары келесі позицияларды иеленді:

 

Бакалавриат деңгейінде:

 

  • 1-орын – 2 позиция (аудит және салық салу; қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі)
  • 2-орын – 2 позиция (маркетинг және жарнама; режиссура және арт-менеджмент)
  • 3-орын – 3 позиция (халықаралық қатынастар және дипломатия; журналистика және репортерлік іс; туризм)
  • 4-орын – 2 позиция (психология; аудиовизуалды құралдар және медиаөндіріс)
  • 5-орын – 2 позиция (коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар)
  • 6-орын – 2 позиция (құқық; менеджмент және басқару)
  • 7-орын – 1 позиция (ақпараттық технологиялар)

 

 

Магистратура деңгейінде:

 

  • 1-орын – 5 позиция (журналистика және репортерлік іс; экономика; менеджмент және басқару; аудит және салық салу; туризм)
  • 2-орын – 4 позиция (режиссура; операторлық өнер; қаржы, банк және сақтандыру ісі; маркетинг және жарнама; ақпараттық технологиялар)
  • 3-орын – 3 позиция (халықаралық қатынастар; психология; құқық)

 

 

Докторантура деңгейінде:

 

  • 1-орын – 3 позиция (экономика; менеджмент және басқару; қаржы, банк және сақтандыру ісі)
  • 2-орын – психология
  • 3-орын – құқық

 

2025 жылғы АРТА АККРЕДИТАЦИЯСЫНЫҢ қорытындысы бойынша 9 білім беру бағдарламасы 5 жылға аккредиттелді. Институционалдық аккредитация 7 жылға берілді.

 

«САПА ЖҰЛДЫЗЫ» ҰЛТТЫҚ БИЗНЕС-РЕЙТИНГІ

 

«2025 жылғы қаржылық-экономикалық көрсеткіштері бойынша елдің үздік кәсіпорны»

 

АСУ «ТҰРАН» шеңберінде 176 цифрлық каталог жасақталды.

 

TURAN электрондық кітапханасында 65,3 мың құжат, оның ішінде 16,7 мың оқу әдебиеті бар.

 

 

AI-Sana инновациялық бағдарламасы:

 

ҒЖБМ-нен 2025 жылға 500 тегін лицензия алынды. Coursera платформасында келесі курстар оқытылды: «Баршаға арналған генеративті ЖИ»; «ChatGPT үшін prompt-инженерия».

 

Turan & Coursera (500 лицензия) – курстарды интеграциялау жүзеге асырылды.

 

 

Енгізілген курстар:

 

  • Бакалавриат – «Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект»
  • Магистратура – «Магистрлік ғылыми-қолданбалы зерттеулерде жасанды интеллектті қолдану»
  • Докторантура – «Докторлық зерттеулердегі жасанды интеллект»

 

Механика және машинатану институтымен бірлесіп жасанды интеллект және робототехника ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды.

Online қабылдау