AP23487192 «Компьютерлік көру және жасанды интеллект арқылы жолдағы зақымдарды анықтау жүйесін әзірлеу»

AP23487192 гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру аясында «Компьютерлік көру және жасанды интеллект арқылы жолдағы зақымдарды анықтау жүйесін әзірлеу» гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру аясында Тұран университетінің Телекоммуникация жоғары мектебінің өкілі Б.О. Құламбаев Азия Метрополитен университетіне (Субанг Джая, Селангор, Малайзия) жұмыс сапарымен барды.

 

Сапар барысында қабылдаушы университет әкімшілігі мен оқытушылар құрамының өкілдерімен халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру және компьютерлік көру және жасанды интеллект салаларындағы академиялық мобильділік бағдарламаларын талқылау үшін жұмыс кездесулері өткізілді.

 

Сапар барысында Тұран университетінің оқытушылары үшін сегіз академиялық сағатқа академиялық мобильділік жүзеге асырылды. «Терең оқытуға негізделген кескін талдауы бойынша нақты уақыт режиміндегі жолдағы зақымдарды анықтау жүйесі» тақырыбында ғылыми семинар өткізіліп, оның барысында жоба аясында алынған зерттеу нәтижелері ұсынылды.

Online қабылдау