8 қаңтар күні «Тұран» университетінің акт залында Вильнюс психикалық денсаулық орталығының психотерапиялық клиникасының жетекшісі, дәрігер‑психотерапевт, психиатр Александр Е. Алексейчиктің ашық дәрісі өтті.
Дәрістің тақырыбы: «ИТЖ – психотерапия әдісі ретінде». Қатысушылар терең тұлғалық жұмысты, топтық динамиканы және психотерапиялық тәжірибенің заманауи түсініктерін біріктіретін тәсілмен танысты.
Іс‑шара «Тұран» университетінің Психология жоғары мектебі мен Халықаралық экзистенциалдық кеңес беру институтының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
Дәріске Психология жоғары мектебінің магистранттары мен докторанттары қатысып, шетелдік маманның тәжірибесін тікелей тыңдап, кәсіби көкжиектерін кеңейту мүмкіндігіне ие болды.
«Тұран» университеті психология және психотерапия саласындағы жетекші сарапшыларды шақыру дәстүрін жалғастырып, білім алмасуға және академиялық қауымдастықты дамытуға арналған орта қалыптастыруда.