Project Management Week аясында Алматы қаласының мектептері мен колледждерінің білім алушыларын «Тұран» университетінде өтетін кейс-чемпионатқа қатысуға шақырамыз.
Команда (3 адам) тіркеліп, бекітілген шаблон бойынша жоба презентациясын (10 слайдтан аспайды) дайындауы және жобаны қорғауы қажет (10 минут) әрі 5 минут сұрақ-жауап кезеңінен өтеді.
Жоба тақырыптары: экология, экономика, бизнес, туризм, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар; жобалар коммерциялық немесе әлеуметтік болуы мүмкін.
Күні мен уақыты: 16/01/2026, 11:00; орны: «Тұран» университеті.