Психология жоғары мектебі: түлектермен кездесу

12 желтоқсанда 7M03102 – «Психология» білім беру бағдарламасының түлегімен кездесу өтті. Іс-шара «Туран» университетінің White Hall залында ұйымдастырылып, қонақ ретінде С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының ассистенті Цапенко Татьяна Валерьевна қатысты.

 

Татьяна Валерьевна өзінің кәсіби тәжірибесі мен мансаптық  жолымен бөлісіп, медициналық тәжірибеде коммуникативтік дағдылардың маңызы туралы баяндап, студенттердің психология саласындағы еңбек перспективаларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

 

Кездесуге 6B03103 – «Психология» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенттері қатысты.

 

Ұйымдастырушылар мен студенттер Татьяна Валерьевнаға кездесуге қатысқаны, мазмұнды баяндамасы және кәсіби тәжірибесімен бөлісуге дайын болғаны үшін алғыс білдіреді!

Online қабылдау