«Тұран» университетінің Экономика және менеджмент Жоғары мектебі Ашық есік күнін өткізді

«Тұран» университетінде «Тұран» колледжінің түлектеріне арналған Экономика және менеджмент Жоғары мектебінің Ашық есік күні өтті. Іс-шара талапкерлерді кәсіби бағдарлауға және бакалавриаттың «Экономика», «Әлемдік экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды.

 

Кездесу барысында қатысушыларға бағдарламалардың мазмұны, оқу форматтары, оқу жүктемесі, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, ғылыми және тәжірибеге бағытталған жобаларға қатысу, сондай-ақ университеттің жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастығы мен түлектердің мансаптық перспективалары туралы толық ақпарат ұсынылды.

 

 

Қатысушылар алдында мазмұнды баяндамалар жасағандар:

 

  • Ералина Эльмира Маратовна — Экономика және менеджмент Жоғары мектебінің директоры
  • Береснева Анна Сергеевна — «Тұран» бизнес-инкубаторының жетекшісі
  • Сартбаев Медет Максутович — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ
  • Байтаев Айдар Тұрсынұлы — «Baitai Partners» компаниясының бас директоры
  • Арупов Азат Әкімжанович — “IGateway LTD” бөлім басшысы

 

Қосымша ретінде қонақтар үшін Маркетинг және қабылдау науқаны департаменті тарапынан интерактивті бөлім (викторина және сыйлықтар ұтыс ойыны) ұйымдастырылып, сондай-ақ «Тұран» университетінің кітапханасымен таныстыру өткізілді.

Online қабылдау