2026 жылдың 16 қаңтарында «Тұран» университетінің диссертациялық кеңесінде Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің (Ақтау қаласы) докторанты Салқынбаева Фатима Давитбаевнаның 8D04103 — «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу мақсатындағы докторлық диссертациясын қорғауы өтті.
Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастырудың және жастарды жұмыспен қамтудың экономикалық тетіктері (Маңғыстау облысы мысалында)».
Ғылыми жетекшісі — Таяуова Гулжанат Жубатқановна, «Тұран» университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры.
Қорғау нәтижесі бойынша диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңес мүшелері тарапынан жоғары бағаланып, үміткерге бір ауыздан философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
«Тұран» университеті әкімшілігі Салқынбаева Фатима Давитбаевнаны докторлық диссертациясын сәтті қорғағанымен шын жүректен құттықтайды және оған әрі қарайғы ғылыми жетістіктер, кәсіби өсу мен жемісті ғылыми-зерттеу қызмет тілейді.