«Тұран» университетінде Project Management Week аясындағы кейс-чемпионат өтті

«Тұран» университетінде Project Management Week аясындағы кейс-чемпионат қорытындыланды. Іс-шара Алматы қаласының мектептері, лицейлері және колледждерінің білім алушыларын біріктіріп, чемпионатқа 26 команда қатысты.

 

Қатысушылар экология, экономика және бизнес, туризм, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар бағыттары бойынша жобаларын ұсынып, көпшілік алдында қорғап, сұрақтарға жауап берді.

 

Нәтижесінде үздік командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды; ұсынылған жобалардың басым бөлігі өзектілігімен және инновациялық мазмұнымен ерекшеленіп, кейбірі іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде тұр.

Online қабылдау