«Тұран» колледжінде қылмыстарды тергеуде ғылымды қолдануға арналған танымдық мастер-класс өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Қылмысқа қарсы күрестегі ғылым». Студенттер криминалистика мен құқықтану әлеміне терең бойлауға бірегей мүмкіндік алды.
Заң ғылымдарының кандидаты, ВАК доценті, сот сарапшысы Рехсон С.Н. қылмыстарды ашудың заманауи әдістері туралы баяндап, өзінің кәсіби тәжірибесінен нақты мысалдармен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар сараптамалық қызметтегі өзекті тәсілдермен танысып, әділдікті қамтамасыз етуде ғылыми әдістердің қандай рөл атқаратынын білді. Құқық жоғары мектебінің сениор-лекторы Дүйсебаев Ж.С. -тың баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.
Ол құқықтық білімнің тәжірибеде қалай қолданылатынын көрсетіп, сондай-ақ құқық саласында табысты мансап құру үшін қажетті негізгі дағдылар туралы айтты. Кездесу барысында студенттер кәсіби дамуға қатысты құнды ұсыныстар алып, қазіргі заманғы заң қызметінде теория мен практиканың өзара байланысын тереңірек түсінді.