Құқық жоғары мектебі Жас зерттеушілердің халықаралық қауымдастығы (ЖЗХҚ) қызметі аясында студенттер, магистранттар және докторанттар үшін «Қоғамның тұрақты дамуы: құқық және адам құқықтары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара тұрақты даму жағдайында адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ жас зерттеушілер арасында ғылыми және практикалық тәсілдермен алмасуға арналған маңызды академиялық алаңға айналды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тұрақты дамуды құқықтық қамтамасыз ету саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлерді қарастырып, өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Дөңгелек үстелдің өткізілуі ғылыми диалогтың дамуына, жоғары оқу орындары арасындағы және халықаралық байланыстардың нығаюына, сондай-ақ жастардың адам құқықтары мен құқық саласындағы мәселелерді зерттеуге деген қызығушылығының артуына ықпал етті.