«Тұран» университетінің Туризм және қонақжайлылық Жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Г. Ш. Файзуллина «Туризм және қонақжайлылық саласындағы аумақтардың тарихи-мәдени мұрасы және брендингі» қолданбалы жобасының жетекшісі ретінде, Қазақстанның жоғары оқу орындарында халықаралық қысқы мектеп курстар кешені аясында қонақ дәрісін өткізді.
2026 жылдың қаңтар айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде этнологтардың «Этнологияның (əлеуметтік-мəдени антропологияның) өзекті мəселелері: тарих жəне қазіргі кезең» атты Халықаралық қысқы мектебі аясында Файзуллина Г.Ш. «Аумақтық брендингтегі музей-этнографиялық екпін» тақырыбында дәріс оқыды. 2026 жылдың ақпан айында ЮНЕСКО аясында «Auezov University-2026» Халықаралық қысқы мектебі аясында «Әлемдік тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және басқару» тақырыбы бойынша Галия Шаукетовна «Тарихи-мәдени мұра аумақтарды брендинг ресурсы ретінде» тақырыбында дәріс өткізді.
Қысқы мектеп қатысушылары өткізілген дәрістер үшін жақсы пікір білдірді. Дәрістерде ұсынылған материалдар «Тұран» университетіндегі «Туризм», «Инновациялар туризм және қонақжайлылық менеджменті» білім беру бағдарламасында «Аумақ брендингі» (бакалавриат) және «Туристік аттракциялардың брендингі» (магистратура) пәндері шеңберінде қолданылды.