2026 жылғы 9 қаңтарда «Тұран» университетінде «Маркетинг және логистика» Жоғары мектебі ұйымдастырған «Логистика» мамандығы бойынша Олимпиаданың екінші кезеңі өтті. Іс-шараның мақсаты — «Логистика» мамандығын насихаттау, талантты әрі дарынды жастарды анықтау және Алматы қаласы колледждерінің студенттерін «Тұран» университетінің «Логистика» білім беру бағдарламасына түсуге тарту.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
I кезең — Google Forms сервисі арқылы онлайн тестілеу. Оған Алматы колледждерінен 25 студент қатысып, олардың 17-сі 75–100 балл жинап, екінші кезеңге өтті.
II кезең (2026 ж. қаңтар) — келесі тақырыптардың бірі бойынша презентация қорғау:
Финалдық кезең «Тұран» университетінде өтіп, студенттер өз зерттеулерінің нәтижелері мен талдамалық материалдарын ұсынды.
Олимпиадаға «Еуразиялық технико-экономикалық колледж», «ALT Алматы колледжі» және «Еуразиялық аграрлық-техникалық колледж» студенттері қатысты. Қатысушылар жоғары білім деңгейін, креативті көзқарасты және логистиканың заманауи даму үрдістерін терең түсінетіндіктерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша бас жүлдені Еуразиялық аграрлық-техникалық колледждің студенті иеленіп, I дәрежелі дипломмен және «Simple Assist 2023» ЖШС атынан бағалы сыйлықпен марапатталды. I, II және III орын алған жеңімпаздарға да бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шараның демеушілері — серіктес компаниялар «Simple Assist 2023» ЖШС және «Cargoinvest» ЖШС болды.
Олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Барлық Олимпиада қатысушыларын құттықтаймыз және «Логистика» мамандығына, логист мамандығына деген қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз! Болашақ талапкерлерді логистика саласында үлкен мүмкіндіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз.
Олимпиаданы қолдағаны, жүлделер ұсынғаны және білім беру бастамаларының дамуына үлес қосқаны үшін демеушілеріміз — «Simple Assist 2023» ЖШС және «Cargoinvest» ЖШС компанияларына ерекше алғыс білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында іс-шара болашақ логистика мамандары үшін мазмұнды, ынталандырушы әрі маңызды деңгейде өтті.