5-ші Республикалық Кәсіпкерлік Диктант

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 16 ақпан – 01 наурыз (Алматы қ.)

 

Формат: онлайн тестілеу

 

Өту тілдері: орыс, қазақ

 

«Тұран» университеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстандық маркетинг қауымдастығымен және Дүниежүзілік экономика және халықаралық қатынастар институтымен бірлесіп мектеп оқушыларын, колледж және университет студенттерін, сондай-ақ белсенді жастарды 5-ші республикалық кәсіпкерлік диктантқа қатысуға шақырады.

 

Диктанттың мақсаты – мемлекет пен қоғамның азаматтардың кәсіпкерлік сауаттылығы мәселесіне назарын аудару, сондай-ақ әр қатысушыға бизнесті жүргізуге қажетті кәсіпкерлік білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беру.

 

 

Диктанттың міндеттері:

 

  • жастардың іскерлік белсенділігін дамыту;
  • білім алушылардың кәсіпкерлік негіздерін оқуға деген ынтасын арттыру;
  • кәсіпкерлерді оқытудың жаңа бағдарламаларын әзірлеуге қолдау көрсету;
  • кәсіпкерлік қызметте инновациялық ойлауды қалыптастыру;
  • кәсіпкерлік құзыреттерді арттыру қажеттілігін түсіндіру.

 

 

Өткізу тәртібі:

 

  • диктант 30 жабық сұрақтан тұрады;
  • 80%-дан жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыға диплом электрондық пошта арқылы автоматты түрде жіберіледі;
  • тіркеу кезінде көрсетілген e-mail мекенжайына диктанттан өтуге арналған сілтеме жіберіледі – сілтеме 2026 жылғы 01 наурызды қоса алғанда қолжетімді болады. Электрондық пошта мекенжайын мұқият әрі дұрыс енгізуіңізді сұраймыз.

 

Тіркелу: forms.gle/HGaow6KZfNVnqB7RA

 

 

Ұйымдастыру комитетінің байланысы:

 

  • Дарьдана Маратовна Дадабаева, тел. +7 707 102 9088, e-mail: d.dadabayeva@turan-edu.kz
  • Мадина Маратжановна Абайдуллаева, тел. +7 701 355 2216, e-mail: m.abaidullayeva@turan-edu.kz
Online қабылдау