«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында: жоғары оқу орындарында ішкі істер органдары қызметкерлеріне заңсыз сыйақы ұсынғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шара спикерлері ретінде Алматы қаласы Полиция департаменті мен Алмалы ауданы Полиция басқармасының өкілдері сөз сөйледі.
Дәрістің модераторы Құқық жоғары мектебі директорының орынбасары Қадырбай А.Ә. болды. Кездесу барысында студенттермен заңсыз сыйақы ұсынғаны үшін құқықтық жауапкершілік мәселелері, ішкі істер органдары қызметінің ерекшеліктері, құқық қорғау органдарындағы кәсіби мансаптың перспективалары, сондай-ақ киберқылмысқа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
Өткізілген дәріс студенттердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, құқықтық этика және құқық қорғау жүйесінің алдында тұрған заманауи сын-қатерлер саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді, сондай-ақ білім алушылар арасында құқықтық сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті.