«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 28 қаңтарда «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде  «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шараны «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан мен шетелдердің ғылыми қауымдастық өкілдері, құқық қорғау органдарының, прокуратураның, адвокатураның қызметкерлері, сондай-ақ қылмыстық құқық, криминология және цифрлық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар қатысты.

 

Дөңгелек үстел барысында кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, цифрлық ортадағы қылмыстарды тергеудің құқықтық және практикалық аспектілері, интернет-алаяқтықты, фишингті және әлеуметтік инженерияны саралау проблемалары, сондай-ақ антифрод саласында заманауи технологияларды пайдалану перспективалары талқыланды.

 

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтықпен күресте пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзектілігін атап өтіп, әрі қарайғы ғылыми және практикалық ынтымақтастықтың қажеттілігін ерекше атап көрсетті.

Online қабылдау