Жайдарман Маусымашар-2026: Тұран КВН командасы

Қазақстан КВН одағының ұйымдастыруымен Жайдарман ойындарының 26-шы Маусымашарында, Тұран университетінен КВН құрама осымен 3 жыл қатарынан Астанананың табалдырығын тоздырып келеді.

 

2024-2025 жылдары жергілікті қүрама аймақтық лиганы қанағат тұтса, биыл Тұран құрамасы қанжығаларын республикалық «QAZAQSTAN CUP»-пен майлап келді.

 

Айта кететін жайт, жыл сайын республикалық маусымашарға еліміздің түкпір-түкпірінен көңіл-күй сыйлауға 200-ге жуық командалар жиналады. Олардың ішінен ұйымдастырушы, редакторлар, сол командаға лайық деген лигасын бөліп береді.

 

Республикалық деңгейде қазіргі таңда 5 лига бар. Тұран құрамасы ауқымдығы бойынша 3 орында орналасқан лигаға жолдама алды. Наурыз, сәуір айларында алғашқы ойындарға Астанаға қайта аттанады.

Online қабылдау