«Құқықтық қорғау және заң қызметтерін көрсету орталығы» Заң консультанттары палатасының төрағасы Әлімов О.Т. «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтарының студенттеріне қонақ дәріс өткізді.
Дәріс Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналды. Кездесу барысында студенттерге Негізгі заң жобасының тұжырымдамалық ережелері таныстырылып, негізгі жаңашылдықтар мен олардың институционалдық маңызы түсіндірілді.
Спикер ұсынылып отырған өзгерістерді қолданыстағы Конституция редакциясымен салыстырмалы түрде талдауға ерекше назар аударып, жүйелі өзгерістер мен олардың елдің құқықтық және мемлекеттік моделін одан әрі дамытуға ықпалын атап өтті. Сондай-ақ республикалық референдумның 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалғаны ерекше айтылды.
Азаматтардың дауыс беруге қатысуы мемлекеттің конституциялық дамуының келешегін айқындауда маңызды қадам ретінде қарастырылады. Қонақ дәріс ашық диалог форматында өтіп, білім алушылардың зор қызығушылығын тудырды, олардың кәсіби білімін тереңдетуге және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.