«Тұран» университеті мен ақпараттық технологиялар жоғары мектебі барлық ниет білдірушілерді 2026 жылғы 2–3 сәуір өтетін «Innotech Connect: идеялар мен технологияларды біріктіреміз» атты студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты – білім алушыларды инновациялар саласында білім мен тәжірибе алмасу үшін біріктіру, сондай-ақ шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал ету. Біз озық идеяларды жүзеге асыру мақсатында қатысушылар мен инновациялық компаниялар арасында байланыс орнату үшін жемісті платформа құруға тырысамыз.
Конференцияда Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының оқытушылары мен ғалымдары, бизнес-қоғамдастық және IT-сала өкілдері сөз сөйлейді. Сондай-ақ Қазақстанның, Ресейдің, Италияның, АҚШ-тың, Оңтүстік Кореяның, Гонконгтың және т. б. түрлі жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары өздерінің ғылыми идеялары мен инновацияларымен бөліседі.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
Конференция мен конкурста офлайн баяндама жасаған қатысушыларға сертификаттар беріледі. Конференцияның үздік баяндамалары мен конкурс жобалары I, II және III дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференцияға қатысу: тегін.
Байқау мен конференцияға қатысуға ниет білдірушілерден 2026 жылғы 20 наурызға дейін сілтемесі арқылы тіркеуден өтіп, ғылыми жұмыстарын it_conference@turan-edu.kz электрондық поштасына жолдаулары сұралады. Қатысу шарттары сілтемесінде ұсынылған.