Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің ғалымдары Ш. Ишмухамедов, З. Каримова, Ж. Ағыбай қазақ тілінде “Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері” атты бірлескен оқу құралын жариялады.
Оқу құралында халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мен нығайтудың түрлі өзекті тақырыптары қамтылған. Оқу құралы жаһандық тұрақсыздық мәселелеріне және халықаралық қақтығыстардың себептеріне қызығушылық танытқандарға арналған. Оқу құралымен “Тұран” университетінің кітапханасынан танысуға немесе университеттің электрондық кітапхана жүйесі арқылы жүктеуге болады.