«Тұран» университетінде бағдарламалау, робототехника және телекоммуникациялар бойынша Олимпиада өтті

«Тұран» университетінде Алматы қаласы мен Алматы облысының 9–11 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында бағдарламалау, робототехника және телекоммуникациялар бағыттары бойынша Олимпиада өтті. Іс-шара ақпараттық технологиялар, инженерия және заманауи цифрлық шешімдер саласында дамуға қызығушылық танытқан талантты әрі ынталы білім алушылардың басын қосты.

 

Олимпиаданың мақсаты – дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау, олардың IT-бағыттарына, робототехника мен телекоммуникация саласына деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ цифрлық және инженерлік технологиялар саласында практикалық құзыреттерін қалыптастыру. Олимпиада екі кезеңде өткізілді: онлайн-тестілеу және офлайн практикалық тур.

 

Онлайн-тестілеуге 120-дан астам білім алушы қатысты. Оның нәтижесі бойынша 71 қатысушы екінші, офлайн кезеңге жолдама алды. Жалпы Олимпиадаға 20 білім беру ұйымының өкілдері қатысты.

 

2026 жылғы 21 ақпанда өткен офлайн кезең аясында қатысушылар таңдалған бағыттар бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.
«Бағдарламалау» бағыты бойынша қатысушылар ұсынылған бағдарламалау тілдерін пайдалана отырып, алгоритмдік және практикалық есептерді компьютерде орындады.
«Робототехника» бағыты бойынша Arduino UNO платформасында микроконтроллерді бағдарламалау, датчиктер мен атқарушы құрылғылармен жұмыс жасау тапсырмалары орындалды.
«Телекоммуникациялар» бағыты бойынша телекоммуникациялық және желілік жүйелерді баптау мен талдау, деректерді модельдеу және цифрлық желілік технологиялар бойынша теориялық және практикалық тапсырмалар шешілді.

 

Олимпиада теориялық білім мен практикалық дағдыларды бәсекелестік жағдайда тексеруге мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды.

Қорытындысы бойынша қазылар алқасы әр бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

 

 

«Бағдарламалау» бағыты бойынша жеңімпаздар

 

I орын

 

  • Дармахан Ақтілек Нұрлыбекұлы (Шоқан Уәлиханов атындағы Bilim-Innovation Lyceum)

 

II орын

 

  • Губаев Владислав Иванович (Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі)
  • Ерболатов Алияр Ганиевич (Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі)

 

III орын

 

  • Ипатов Игорь Игоревич (Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі)
  • Алексеева Анна Андреевна (Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі)
  • Карсыбаев Ильяс Ержанович (Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі)

 

 

«Робототехника» бағыты бойынша жеңімпаздар

 

I орын

 

  • Фёдоров Владислав Валерьевич (Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі)

 

II орын

 

  • Канатова Махаббат Алматовна («Тұран» университетінің колледжі)
  • Морозов Максим Антонович («Тұран» университетінің колледжі)

 

III орын

 

  • Захаров Станислав Олегович (Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі)
  • Аршабек Нурбол Данияаулы («Тұран» университетінің колледжі)
  • Абай Әлия Маратқызы (Алматы политехникалық колледжі)

 

 

«Телекоммуникациялар» бағыты бойынша жеңімпаздар

 

I орын

 

  • Жазылбеков Алиби Аскарович (№105 гимназия), жетекшісі — Лаула Армановна

 

II орын

 

  • Шубай Арсен Жанболатулы (КГУ «ШГ 23»), жетекшісі — Бокибаева Алтынай Токсанбаевна
  • Мустафа Аиша Аятбекқызы (КГУ «ШГ 23»), жетекшісі — Бокибаева Алтынай Токсанбаевна

 

III орын

 

  • Толеуханов Тамерлан (КГУ «ШГ 23»), жетекшісі — Бокибаева Алтынай Токсанбаевна
  • Алданияр Санжар Бекболатұлы (КГУ «ШГ 23»), жетекшісі — Бокибаева Алтынай Токсанбаевна
  • Раимхан Айжан Ерболкызы (КГУ «ШГ 23»), жетекшісі — Сейдаз Талғат

 

Олимпиада қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, заманауи технологияларға деген қызығушылығын және IT мен инженерия саласында кәсіби дамуға ұмтылысын көрсетті. Осындай іс-шаралар оқушылар мен колледж студенттерінің ерте кәсіби бағдар алуына, практикалық дағдыларын дамытуға және білім беру ұйымдары мен «Тұран» университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

 

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, жетекшілерге және қазылар алқасына белсенді қатысқаны мен жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс білдіреді. «Тұран» университеті алдағы уақытта да дарынды жастарды қолдауға және болашақ мамандардың цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған зияткерлік жарыстар өткізуді жалғастырады.

Online қабылдау