«Тұран» университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының Ашық есік күні өтті

2026 жылғы 25 ақпанда «Тұран» университетінде (White Hall) «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының Ашық есік күні өтті. Іс-шара Алматы қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған кәсіптік бағдар беру кездесуі форматында ұйымдастырылып, мемлекеттік басқару саласындағы мансаптық траекторияларға, негізгі құзыреттерге және кәсіби даму мүмкіндіктеріне арналды.

 

Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері спикер ретінде сөз сөйледі. Қатысушылар үшін интерактивті сұрақ–жауап (Q&A) сессиясы ерекше қызығушылық тудырды: мектеп оқушылары қабылдау тәртібі, оқу үдерісінің ерекшеліктері, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы жұмыс перспективалары туралы сұрақтарын қойды.

 

Іс-шараның жеке бөлігі ретінде мемлекеттік және жергілікті басқару тақырыбы бойынша мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында олимпиада (тест тапсырмалары) өтті. Олимпиадаға шамамен 80 қатысушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Online қабылдау