2026 жылдың 20 ақпанында «Тұран» университетінің «Маркетинг және логистика» Жоғары мектебі «Тұран» колледжінің бітіру курсының оқушыларына шеберлік сыныптарын ұйымдастырып, өткізді. «PPC, SEO жобаларында және SMM-де ЖИ қолдану» тақырыбындағы шеберлік сыныптары. Спикерлер: Дамир Гаитов – Netpeak Kazakhstan Халықаралық интернет-маркетинг агенттігінің SEO маманы, 14 жылдық тәжірибесі бар Digital-маркетинг сарапшысы; Азрет Сатбеков – Netpeak Kazakhstan Project Manager.
Спикерлер жасанды интеллект құралдары мен технологиялары, олардың бизнесте, маркетингте және жарнамада қолдану мүмкіндіктері, артықшылықтары, ерекшеліктері мен ережелері туралы әңгімеледі; олардың функционалдығына салыстырмалы талдау жүргізді; жұмыстың нақты мысалдарын келтірді және генеративті ЖИ қолданудың құнды практикалық тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, олар ЖИ, атап айтқанда ChatGPT қолданудың қателіктері мен кемшіліктері туралы ескертті.
Іс-шараға «Маркетинг» мамандығының «Тұран» колледжінің оқушылары қатысты. Шеберлік сынып колледж студенттерінің қызығушылығы мен оң пікірлерін тудырды. Олар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Спикерлердің баяндамалары жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті, білім алушылар үшін өте қызықты, мазмұнды, танымдық және пайдалы болды.