Психология жоғары мектебі: «КПТ негіздері» атты білім беру семинары

2026 жылғы 14–15 ақпан

 

Алматы, «Тұран» университеті

 

«Тұран» университетінде когнитивті-мінез-құлықтық терапияның (КПТ) негіздеріне арналған екі күндік білім беру семинары өтті. Іс-шара қазіргі заманғы психотерапия саласында теориялық білімді кеңейтуге және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Бағдарламада депрессиялық бұзылыстарды А. Бек шкалалары арқылы диагностикалау, депрессия психотерапиясының негізгі акценттері, пациенттердің терең сенімдерімен жұмыс істеу және емдеуді жоспарлау мен психотерапиядағы басты мақсаттарды айқындау қарастырылады.

 

Семинарды жүргізетіндер:

 

  • Скляр Сергей Владимирович – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-психотерапевт, Сергей Скляр психотерапия орталығының директоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және этникалық психология кафедрасының аға оқытушысы, ЕАКПП вице-президенті, ОППЛ балинт қозғалысы комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасында ЮНФПА-мен бірлесіп балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламаларының модераторы.
  • Жумадилова Валентина Калбаевна – психолог, Сергей Скляр психотерапия орталығының тең құрылтайшысы, КПТ-терапевт, ЕАКПП тең құрылтайшысы.

 

Семинар жұмысына «Психология» мен «Клиникалық психология» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын магистранттар қатысым жасады.

 

 

Online қабылдау