«Тұран» университетінің түлегі Асқар Омаров мемлекеттік награда — «Парасат» орденімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар қоғам қайраткерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік наградаларды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин табыстады.
Марапатталғандардың қатарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров та бар. Оған «Парасат» ордені табысталды.
Асқар Омаров — «Тұран» университетінің түлегі. Ол университетті «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
«Тұран» университеті Асқар Омаровты жоғары мемлекеттік наградасымен құттықтап, оған алдағы уақытта мансаптық табыс, жаңа кәсіби жетістіктер және ел игілігі жолындағы жемісті қызмет тілейді.