Вакцинация шаралары туралы

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Тұран» университеті

⠀⠀

2021-2022 оқу жылында «Тұран» университеті дәстүрлі форматта оқуды жоспарлап отыр. Осы мақсатқа жету үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру маңызды. Осыған байланысты университетте профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен білім алушыларды 2021 жылғы 01.07-30.08 аралығында вакцинациядан өтуге ынталандыру үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Вакцинацияланған ПОҚ мен университет қызметкерлерін көтермелеу үшін:

  1. Вакцинацияланған алғашқы бес адам бір аптаға ақылы демалыс алады.
  2. «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешеніне демалыс күндеріне тегін жолдамалар (10 адам).
  3. Ағылшын тілі курстарынан өтуге сертификаттар.
  4. Университеттің имидждік өнімі түріндегі сыйлықтар.

Университеттің вакцинацияланған білім алушыларын көтермелеу үшін қарастырылған:

  1. Алғашқы вакцинацияланған бес адамға 10% жеңілдік.
  2. «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешеніне демалыс күндеріне тегін жолдамалар (10 адам).
  3. Ағылшын тілі курстарынан өтуге сертификаттар.
  4. Университеттің имидждік өнімі түріндегі сыйлықтар.

Көтермелеуді алу шарттары:

– Вакцинацияның 1 кезеңі 01.07-ден 15.07-ге дейін өтуі тиіс. 2021 жыл.

– Вакцинация төлқұжатын ұсыну қажет.

Online қабылдау