Саясаттанушылардың жыл сайынғы XI Халықаралық жылдық жазғы мектебі 2021 жылдың 30 маусымы мен 2 шілдесі аралығында Тұран университетінде өтті.
⠀
Жазғы мектептің ұйымдастырушылары – Қазақстанның саяси зерттеулер қауымдастығы, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы және Тұран университеті.
⠀
Саясаттанушылардың жазғы мектебінің басты мақсаты – Қазақстан Республикасында саяси білімнің дамуына үлес қосу, қоғамдық-гуманитарлық пәндер оқытушыларының, саяси партиялар мен ҮЕҰ белсенділерінің, студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың біліктілігін арттыру, отандық саясаттанудың сараптамалық маңыздылығын күшейту.
⠀
Саясаттанушылардың жазғы мектебі аралас форматта өтті: дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және онлайн режимінде.
⠀
Саясаттанушыларға арналған жазғы мектептің тақырыбы: «Өтпелі қоғамдардағы саяси қайта құрулар: посткеңестік елдердің тәжірибесі».
⠀
Жазғы мектеп лекторлары:
⠀
⠀
Саясаттанушылардың XI Халықаралық жазғы мектебіне қатысушыларды «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.Алшанов құттықтады.
⠀
Модератор Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдарының докторы, профессор Алияров Е.Қ.
⠀
Спикерлердің сөздері ғылыми пікірталас пен қызу пікірлер атмосферасында өтті.
⠀
Саясаттанушылардың жазғы мектебін аяқтағаннан кейін барлық қатысушылар сертификаттар алды.