Жыл сайын ҚЕХС Кеңесі (IASB) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын жаңартады: жаңа құжаттарды да, қолданыстағы стандарттарға толықтыруларды да шығарады.
Осылайша, 2022 жылдың 26 тамызында Аудиторлар палатасы аудиторлар палатасының мүшелері мен Тұран университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушыларына семинар ұйымдастырды. Спикер Е. Розинкина тыңдаушыларды ҚЕХС өзгерістерімен таныстырды және өзгерістердің практикада қолданылуын мысалдармен егжей-тегжейлі көрсетті. Ол ҚЕХС жаңа түсіндірмесін ҚЕХС 16 және ҚЕХС 3 бойынша бұрын қолданылған санаттармен салыстырды.
Аудиторлар Палатасының ұсыныстарының бірі – Тұран университетінің базасында жас бухгалтерлер мен аудиторлар үшін біліктілікті арттыру курстарын құру болды.