Әлемдік экономика

Бакалавриат

6B04104-Әлемдік экономика білім беру бағдарламасы әлемдік экономиканың теориялық және қолданбалы проблемаларының алуан түрлілігін, қазіргі заманғы үрдістері мен перспективаларын еркін бағдарлай алатын, олардың ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарындағы әлеуметтік тұрақтылығы мен тұрақтылығына ықпал ететін әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттерге ие жоғары кәсіби мамандарды даярлауды мақсат етеді.

 

Білім беру бағдарламасы шеңберінде оқыту әлемдік экономика саласындағы қазіргі заманғы теориялық-әдіснамалық әзірлемелер негізінде жүргізіледі, білім алушылардың әлемдік тауар және қаржы нарықтарының конъюнктурасын талдау әдістерін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторларын, сыртқы экономикалық қызмет пен халықаралық есеп айырысу нысандарын, әлемдегі интеграциялық процестер ағымының заңдылықтарын, Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметін меңгеруіне бағытталған.

 

6B04104-Әлемдік экономика білім беру бағдарламасының мазмұны жыл сайынғы мониторинг және білім беру бағдарламаларын жетілдіру қорытындылары бойынша модульдік және құзыреттілік тәсілдемелер негізінде құрылады.  Білім беру бағдарламасының ерекшелігі бағдарламаның егжей-тегжейлі мазмұнын және оны игеру жоспарын білдіреді. Білім беру  траекториясы студенттердің білімін тереңдетуге және кәсіби салада дағдыларды алуға бағытталған. Әрбір траектория бойынша университетте қалыптасқан ғылыми мектептердің ерекшеліктерін, білім алушының жеке мүдделерін, еңбек нарығының қажеттіліктерін және жұмыс берушілердің пікірлерін ескере отырып, пәндер курстары әзірленді.

 

Академиялық дәрежесі: экономика және бизнес бакалавры

 

ҰБТ таңдау пәні: ағылшын тілі

 

Оқыту нысаны: күндізгі, қысқартылған күндізгі нысан

 

Оқу мерзімі: 

  • 4 жыл орта кәсіптік білім кейін
  • 3 жыл орта кәсіптік білім беру кейін
  • 2 жыл жоғары білім кейін

 

Білім беру бағдарламалары

 

“Әлемдік экономика” мамандығы Сізге әлемдік экономика саласындағы келесі бағыттарда білім алу үшін арнайы білім мен дағдыларды ұсынады:

 

Халықаралық сауда-экономикалық қарым-қатынастар

  • Әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар қозғалысы зерттелйді және болжамдар жасайды;
  • Түрлі бағыттағы кәсіптік қызмет көрсету және кәсіпкерлік қызметін оқытады (халықаралық мәмілелер сүйемелдеу, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыру әдістері мен құралдарын таңдау, мемлекеттік билік органдарымен, соның ішінде кеден бақылауда бизнестің өзара байланыстарын жүргізу);
  • Халықаралық сауданы құқықтық реттеу (ел нарығын әлемдік нарықта қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулерді қорғау үшін кедергілерді жою).

Халықаралық қаржылық-несиелік қарым-қатынастар

  • сыртқы экономикалық қызмет, валюта-несие және қаржы-кәсіпкерлік қызметпен қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның, ұйымдар мен мекемелердің активтерін, міндеттемелерін, кірістері мен шығыстары қалыптастыру және пайдалану туралы ақпараттық қамтамасыз ету;
  • объектілердің қаржы-экономикалық қарым-қатынастарын ұтымды ұйымдастыру.

Бағдарламаның ерекшеліктері

  • Тәжірибелік-бағдарларды оқыту
  • Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту
  • Бағдарламаны аяқтағаннан кейін екі шетел тілі білу;
  • Ең үздік отандық және шетелдік компанияларда практикадан өту;
  • Академиялық ұтқырлығы;
  • Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
  • Бәсекеге қабілетті түлектерді дайындау және 95% – ын жұмысқа орналастыру;

Өзекті және эксклюзивті курстар

  • Әлемдік экономика
  • Келіссөздер жүргізу техникасы (Negotiation techniques)
  • Халықаралық бизнес (International business)
  • Халықаралық банк ісі (International Banking System)
  • Әлемдік тауар нарықтары (International Trade Markets)
  • Шет елдердің қаржы нарықтары
  • Әлемдік ақпараттық ресурстар және желілік экономика

Оқытушылар, бизнес-тренерлер

 

“Әлемдік экономика” мамандығын шығарушы кафедрада жоғары білікті мамандар, солардың ішінде 7 ғылым докторы және 12 кандидат, 3 PhD докторлары сабақтжүргізеді. Жыл сайын оқытушылар біліктілігін шетелдерде ғылыми-зерттеу тағылымдамалардан, сондай-ақ ағылшын тілін жетілдіру бойынша курстардан өтеді. Ұжымның негізгі міндеті – әлемдік нарықтағы одан әрі жетілдірілген деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету. Кафедра қызметкерлері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға, таяу және алыс шетелдердің конгрестерге үнемі қатысып, ғылыми баяндамалар, тезистер, шетелдік университеттердің ғылыми басылымдарында және басқа да ғылыми орталықтарда мақалаларын жариялайды.

 

Практикалық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру үшін, халықаралық бизнес-ортада жылдам бейімделуде бизнес-жаттықтырушылар, бизнесмендер және шетел компанияларының өкілдерінің мамандары тартылады. Осы мамандық бойынша оқу процесінде жинақтаған теориялық, методологиялық, фундаменталды негіздерін, практикалық тәжірибелерін толықтырады.

 

Біз оқытамыз

  • кәсіпорындарды экономикалық және техникалық бағалау бойынша оларды сатып алу мақсатында  жұмыстар жүргізуді,
  • отандық және шетелдік сарапшылар мен консультанттардың функционалдық қызметін үйлестіруді,
  • бақылауға, орындау мерзімі мен сапасына бағалау жүргізу
  • инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру
  • инвесторлар тартуға,
  • талдау және қаржылық модельдеу жүргізу,
  • борыштық инвестициялық құралдарымен жұмыс істеуге,
  • бухгалтерлік және салық есебінді жүргізуді,
  • компанияның ішкі қаржылық есептілігін қалыптастыру,
  • келісім-шарттар жүргізуді,
  • кеден, салық және өзге де органдарда компанияның мүдделерін,
  • жалақы және салықтар есептеу,
  • кадр саясатымен айналысуды
  • шетелдік банктермен өзара іс-қимыл жасауды,
  • деректер базасын және клиенттермен қарым-қатынас жүргізуді

Біздің серіктестер

  • Санжы университеті, Үрімші қ., ҚХР
  • Әлемдік экономика және қаржы Институты, Астрахань қ. (РФ)
  • М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Экономикалық факультеті, РФ,
  • Солтүстік-Батыс университеті, ҚХР
  • Циттау-Герлитц қолданбалы ғылымдар Университеті (Германия)
  • Балтық халықаралық академиясы, Латвия
  • Ресейдің экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы,
  • Varna Economic University, Болгария,
  • Berjaya University College of Hospitality, Малайзия
  • Pamukkale University, Түркия
  • Girne American University, Түркия
  • Kibris American University, Түркия
  • Istanbul Arel University, Түркия
  • Kastamonu University, Түркия
  • Ельцин ат. Қырғыз-Ресей Славян Университеті.
  • Management and Science University, Малайзия
  • London School of Marketing
  • Латвия Business College
  • Virginia International University
  • Erzincan University, Түркия
  • Kent State University, АҚШ,
  • St. Gallen University

Халықаралық бағдарламалар

 

Қос диплом бағдарламасы:

  • Latvia Business College
  • Istanbul Arel University, Түркия
  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасы:
  • Жалал-Абад мемлекеттік университеті, Қырғыз Республикасы, Жалалабад қ.
  • Әлемдік экономика және қаржы институты, Астрахань қ. (РФ)
  • Ж. баласағұн атындағы ҚНУ бизнес және басқару институты. Қырғыз Республикасы,
  • Kastamonu University, Түркия
  • Mevlana Exchange Programme:
  • Кастамону университеті, Түркия
  • HITIT University, Түркия
  • Erzincan University, Түркия
  • Erasmus +
  • Varna Economic University, Болгария,
  • GUESSS жобасы
  • St. Gallen University

Мансаптық перспективалары

 

“Әлемдік экономика” мамандығы бойынша экономикалық білімі бар Маманның кәсіби біліктілік қызметі сыртқы экономикалық, валюта-несиелік және қаржылық салалардағы ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асырылады. “Әлемдік экономика” мамандығының түлектері кәсіпорындар мен банктердің маңызды стратегиялық бөлімдерінде басшы лауазымдарға бағытталған.

“Әлемдік экономика” мамандығы түлектерінің, білім беру бағдарламасының қажетті білімдері мен дағдыларын аяқталғаннан кейін аталған барлық мүмкіндігі бар:

 

  • мемлекеттік құрылымдарда: министрліктерде, ведомстволарда және сыртқы экономикалық қызмет байланысты ұйымдастыру және реттеу;
  • сыртқы экономикалық қызметпен байланысты мемлекеттік емес құрылымдарда;
  • тауарлар мен қызметтер импорттайтын сыртқы нарыққа шығатын коммерциялық құрылымдарда;
  • заң компанияларында, сауда саясаты саласындағы қызмет көрсететін қазақстандық және шетелдік фирмаларға;
  • мемлекеттік және коммерциялық банктердің халықаралық бөлімдерінде;
  • сақтандыру компанияларында;
  • туристік фирмаларда;
  • әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қарым-қатынастар саласында жоғары білікті талдаушылар, сарапшылар, зерттеушілер мен оқытушылар ретінде.
Қабылдау комиссиясы