Клиникалық психология

Магистратура

Адамдарға көмектескісі келетіндерге арналған ең керемет мамандық.

 

Қоғам дамуына үлес қосуға дайынсыз ба? Онда Психология жоғары мектебінің магистратурасы – сіз үшін тамаша мүмкіндік. Бізге қосылып, адам өмірін өзгерте алатын қауымдастықтың бір бөлігі болыңыз!

 

Психология жоғарғы мектебінің мақсаты – ғылымға негізделген зерттеулер жүргізіп, жаңаша психологиялық көмек беру әдістерін әзірлеп, қиын жағдайдағы адамдарға кәсіби психологиялық көмек көрсете алатын жоғары білікті мамандар даярлау. Біз әрбір магистрант өз потенциалын жүзеге асырып, халықаралық жобаларға қатысып, отандық психологияның дамуына өз үлесін қоса алатындай орта құруға ұмтыламыз. Біздің бағдарламамыз халықаралық стандарттардың ең жоғарғы деңгейіне сай келеді және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Біздің бағдарламаны таңдаудың артықшылықтары:

+ Тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен арнайы жағдайда өз біліміңізді жетілдіру мүмкіндігі;

+ Магистрлік диссертация бойынша жұмыстың барлық кезеңінде жеке қолдау;

+ Ғылыми қызметке дайындық және зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігі;

+ Жоғары оқу орнының ғылыми өміріне белсенді қатысу, өз зерттеулеріңіздің нәтижелерін жариялау мүмкіндігі.

 

 

Жоғарғы оқу орнының жанында психоэмоциялық жағдайларды зерттеу және түзету бойынша заманауи зертхана жұмыс істейді. Аталған зертханада орналасқан «ПБС БОС» бағдарламалық-тренажерлық кешені мыналарға мүмкіндік береді:

 

  • Ми қызметін зерттеу: Мидың электрлік белсенділігін (ЭЭГ) нақты уақыт режимінде талдау.
  • Физиологиялық параметрлерді бағалау: Бұлшық еттердің электрлік белсенділігін (ЭМГ), тыныс алу жиілігі мен жүрек соғысын бақылау.
  • Жеке түзету бағдарламаларын әзірлеу: Эмоциялық жағдайды және танымдық функцияларды жақсарту үшін жекеленген жаттығулар жасау.

 

Білім беру бағдарламасының шифрі: 7М03108 – «Клиникалық психология» (ғылыми-педагогикалық бағыт); 7М03109 – «Клиникалық психология» (профильді бағыт).

 

  • Қандай тілдерде оқи аламын? Қазақша, орысша немесе ағылшынша оқыңыз! Сізге қолайлы тілде сапалы білім алыңыз!
  • Неше жыл оқуым керек? Біз сізге ұзақтықтағы әр түрлі магистратура бағдарламаларын ұсынамыз: практикалық дағдыларды тереңдету үшін 1 жыл (профильді бағыт) және ғылыми қызметті практикамен үйлестіргісі келетіндер үшін 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт).
  • Университет бітіргеннен кейін мен кім боламын және дипломымда қандай мамандық жазылады? Магистрлік диссертацияны сәтті қорғаған жағдайда, екі жылдық оқудан кейін 7М03108 – «Клиникалық психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесі беріледі және бір жылдық профильді бағытты оқығаннан кейін 7М03109 – «Клиникалық психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

 

«Туран» университетінің Психология жоғары мектебі «Клиникалық психология» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауда жетекші орын алады.

 

 

Клиникалық психология магистрі дәрежесі сізге әртүрлі салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сіздің біліміңіз бен дағдыларыңыз келесі салаларда қажет болады:

 

  • Медициналық мекемелер: ауруханалар, клиникалар, реабилитациялық орталықтар;
  • Білім беру мекемелері: мектептер, университеттер, балабақшалар;
  • Әлеуметтік қызметтер: әлеуметтік көмек көрсету орталықтары, дағдарыс орталықтары;
  • Жеке тәжірибе: Сіз өз кабинетіңізді ашып, жеке және отбасылық кеңес берумен айналыса аласыз;
  • Ғылыми-зерттеу институттары: Сіз ғылыми қызметпен айналысып, клиникалық психология саласындағы зерттеулерге қатыса аласыз;
  • Кадрлық агенттіктер: Сіз персоналға психологиялық бағалау жүргізіп, қызметкерлерді оқыту және дамыту бағдарламаларын әзірлей аласыз;
  • Сот жүйесі: Сіз сот сараптамасының маманы болып жұмыс істеп, психологиялық сараптамалар жүргізе аласыз.

 

 

Жетекші компанияларда тәжірибеден өтіп, дәрістер мен семинарларда алған білімдеріңізді қолданыңыз, кәсіби портфолио құрып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіңізді арттырыңыз! Біз мынадай компаниялармен серіктеспіз: Қазақстандық EMDR Ассоциациясы, Кәсіби Орта Азиялық гештальт қауымдастығы (ОАГҚ), Халықаралық Практикалық Психология және Педагогика Академиясы, Транзакттық талдауды дамыту ұйымы, «Intensive+» баланы дамыту орталығы, Алматы Транзакттық талдау Ассоциациясы.

 

Болашағыңызға инвестиция сала отырып, армандаған мамандығыңызға қол жеткізіңіз!

Серіктестеріміз:
Online қабылдау