Мемлекеттік және жергілікті басқару

Бакалавриат

 

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы еңбек нарығында ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады және түлектерді мемлекеттік қызметке дайындауға бағытталған.

 

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алғаннан кейін сіз жоғары ақылы және беделді мамандыққа ие боласыз. Сіз басқарушылық қызметтерді атқара аласыз, орталық және жергілікті органдардың менеджерлері мен экономисттері, мемлекеттік кәсіпорындарда, акционерлік қоғамдарда, өндірістік компанияларда, холдингтерде қызмет атқара аласыз.

 

Шифр: 6В04102

 

Академиялық дәреже: бакалавриат

 

Оқыту нысаны: күндізгі, қысқартылған күндізгі нысан

 

Оқу мерзімі: 

 

  • 4 жыл орта білім алғаннан кейін
  • 3 жыл орта кәсіптік білімнен кейін 
  • 2 жыл жоғары білім алғаннан кейін 

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

 

Мемлекеттік басқару

 

Мамандандыру оқу бағдарламасы түлектерге теориялық білім мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратында, Үкіметтің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеу үшін басшылық дағдыларын алуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқару бакалавры мемлекеттік басқару теориясын, мемлекеттік аппараттың отандық және шетелдік тәжірибесін, үкіметтің экономикалық функцияларын жүзеге асыруды, мемлекеттік қызметті ұйымдастыруды зерттейді.

 

Аймақтық және жергілікті басқару

 

Аймақтық және жергілікті басқару саласындағы мамандар мәслихаттар мен әкімдіктердің қызметін ұйымдастыруды, өзін-өзі басқару процесін зерттеумен айналысады. Аймақтық әкімшілік елдің экономикалық дамуын кеңістіктік және аумақтық тұрғыдан қамтамасыз етуге, өндіргіш күштерді неғұрлым ұтымды бөлуге және халықтың өмір сүру деңгейін теңестіруге арналған. Жергілікті билік жерді тиімді пайдалану; аумақтарды кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; көлік және жолдар; тұтынушыларға және сауда қызметтеріне; мектепке дейінгі, мектептегі және кәсіптік білім беру; жергілікті қоғамдастық тұрғындарының тарихи-мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту; дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту; қоғамдық тәртіпті қорғау; қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелерді шешеді.

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті органдарында, кәсіпкерлік құрылымдарда, қоғамдық ұйымдарда, ғылым, білім және мәдениет мекемелерінде тәжірибе өткізу.  Білім беру бағдарламасының мазмұны кәсіби бәсекелестікке және мамандыққа деген сұранысқа байланысты сыртқы ортаның өзгермелі талаптарына байланысты.

 

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Тұран» университетінің білім беру бағдарламасының құрылымы кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікке қойылатын ғылыми, теориялық және практикалық-бағдарланған талаптарға сәйкес дамытылған, әр түрлі біліктілікті арттыру бағдарламаларымен сипатталады.

 

БІЗ ОҚЫТАМЫЗ

 

  • мемлекеттік, аймақтық және жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыруды
  • маманның қоғамдағы іскерлік этикасын анықтайтын құқықтық және этикалық нормалар қатынастарын,
  • мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысын ұйымдастыру үдерісіне
  • мемлекеттік реттеудің және экономикалық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі қолдана білуге
  • қоғамның аймақтық саясатын іске асыру мақсатында өндірістік күштерді орналастыруды оңтайландыруды
  • облыстардың, аймақтардың, қалалар мен қалалардағы аудандардың кешенді экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларын әзірлеуге қатысуды
  • қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалана отырып білім алуға және жаңартуға
  • өндірістік-басқарушылық қызметінің дағдыларына
  • халық шаруашылығын басқарудың, оның салаларының және аймақтарының тиімді жүйесін құруға
  • халық шаруашылығының теңгерімділік пен тұрақтылық мәселелерін және тиімділігін қамтамасыз етуді үйлестіруге
  • басқару, экономика және бизнес саласындағы ақпараттарды жүйелеу және қорыту дағдыларын жинауға
  • кәсіби қызмет мәселелері бойынша анықтамалар және аналитикалық шолулар дайындауды

 

ӨЗЕКТІ ЖӘНЕ ЭКСКЛЮЗИВТІ КУРСТАР

 

  • Мемлекеттік басқару теориясы
  • Экономиканы мемлекеттік реттеу
  • Мемлекеттік-жеке серіктестік
  • Агломерациялық процестерді басқару
  • Ақылды қала
  • Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру
  • Аймақтық экономика және басқару
  • Мемлекеттік басқарудағы стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процестер
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты
  • Аймақтық жоспарлау және болжау

 

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

 

  • Зиттау-Герлиц қолданбалы ғылымдар университеті, Германия
  • Varna Economic University, Болгария
  • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультеті, «Үштік спираль» халықаралық қауымдастығы
  • Berjaya University, College of Hospitality, Малайзия
  • Istanbul Arel University, Түркия
  • Kastamonu University, Түркия
  • Latvia Business College
  • Virginia International University
  • Erzincan University, Түркия
  • Kent State University, АҚШ
  • St. Gallen University

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

 

Екі дәрежелі бағдарламалар:

 

  • Latvia Business College
  • Istanbul Arel University, Түркия

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары:

 

  • Жалал-Абад мемлекеттік университеті, Қырғыз Республикасы, Жалал-Абад
  • Әлемдік экономика және қаржы институты, Астрахан, РФ
  • Кастамону университеті, Түркия
  • Варна экономикалық университеті, Болгария

 

МАНСАПТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАР

 

Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы экономикалық білімі бойынша бакалавр және кәсіби біліктілік қызметімен орталық және жергілікті басқару органдарында, мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, өндірістік компаниялар, холдингтер, қызмет көрсету және т. б. салаларда кәсіпорындарда қызмет атқарады. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандары қаржы-несие секторы, әлеуметтік салаларда, басқарушылық құрылымдарда экономист-менеджер, сондай-ақ басқару саласындағы талдаушы, сарапшы, оқытушы және зерттеуші функцияларын орындай алады.

 

“Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы түлектерінің мансаптық перспективалары:

 

Кәсіби қызметінің объектілері:

 

  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аппаратында, ҚР Парламенті аппаратында, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері
  • Экономика және қаржыны басқару органдары (министрліктер, агенттіктер)
  • Жергілікті басқару органдары (аудандық, қалалық, облыстық), және атқарушы органдар
  • Ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар.

 

Бұл мамандық алынған білімімен жұмыс берушілердің талаптарына сай бағалы дағдылармен,  басқарушылық және ұйымдастырушылық талантымен, бастамашылдық және бейімділікгімен, тамаша мансаптық мүмкіндіктер ұсынады.

 

Жоғары мансап жолында бакалаврларға магистратурада білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Қабылдау комиссиясы