Зияткерлік меншік құқығы

Магистратура

ББ мақсаты

Зияткерлік меншікті құру, реттеу және қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік құрылымдардың, бизнестің қажеттіліктеріне сәйкес келетін кәсіби құзыреттерге, жалпы мәдени дағдыларға ие бейіндік бағыт бойынша құқықтың жоғары білікті магистрлерін даярлау.

Қалыптасқан оқу нәтижелері

Кадр қызметі бөлімдерінде және бөлімдерінде іс жүргізу; конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі басқа да комиссиялардың қызметін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді; кадрларды іріктеуді ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өтуіне байланысты құжаттарды ресімдеу; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алу; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды ұйымдастыру.      Құқықтық мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірулер жүргізу; аппарат қызметкерлеріне және мәслихат депутаттарына құқықтық көмек көрсету; Өтініш беруші туралы тиісті ақпаратты және ұсынылған құжаттар тізбесін ХҚО ИАЖ-ға енгізу; жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде жоспарлауды және есептілікті жүзеге асыруға байланысты, мамандандырылған әкімшілік соттардың судьяларына сот отырысын дайындауда құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық көмек көрсету; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, Министрліктердің заң департаментінде жалпы құқықтық білім беруді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң және Заң iстерi министрлiгiнiң құжаттарының жобаларын әзiрлейдi, заң департаменттерi мен оқу орындарының бөлiмдерiнiң қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; ювеналдық соттардың судьяларына сот отырысын дайындауда ұйымдастырушылық-техникалық көмек көрсету; мәслихаттың құқықтық жалпы білім беру жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге; құрылымдық бөлімшелер дайындаған ішкі нормативтік құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету, қызметкерлерге құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру.

Академиялық дәрежесі: «Зияткерлік меншік құқығы» Білім беру бағдарламасы бойынша құқық магистрі

 

Мамандық шифры:

 

7М04204: Бейінді бағыт

 

Оқыту түрі: күндізгі

 

Оқу мерзімі: 1,5 жыл

 

Екі қабылдау емтиханы:

 

— шет тілі;

—  бейіндік пән бойынша: (Мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы, Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы).

Пәндер туралы мәліметтер
Шет тілі (кәсіби) Тілдік, лингвистикалық білімді терең және кеңейтілген алу, мамандық бойынша мәтіндерді түсіну ауқымын кеңейту, қоғамдық-саяси лексика бойынша белсенді сөздік қорын байыту; ақпарат беру үшін сөздікпен және сөздіксіз мамандық бойынша түпнұсқа әдебиетті оқу және аудару, ауызша аударма, сондай-ақ ағылшын тілінен ана тіліне және керісінше жазбаша аударма жасау.
Менеджмент Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттардың теориялық ережелерді, әдістемелік негіздерді терең ұғыну және түсінуіне қол жеткізу және заманауи ұйымдардың қызметін басқарудың практикалық әдістерін меңгеру. Пән қазіргі ұйымның мақсаттарына тиімді және өнімді жету үшін адамдардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастырумен байланысты негізгі заңдылықтарды, қасиеттерін, жақтарын және процестерін оқытады.
Басқару психологиясы Пәнді оқыту мақсаты – басқару іс-әрекетінің мазмұны, құрылымы мен заңдылықтары туралы магистранттардың тұтас және жүйелі көзқарасын қалыптастыру. Пәнді меңгеру барысында менеджердің тиімділігін қамтамасыздандыратын психологиялық факторлар, іс-әрекет барысындағы мотивация психологиясы, ұжымдағы психологиялық климат ерекшеліктері, көшбасшылықтың психологиялық астарлары туралы магистранттардың білімдері қалыптастырылады.
Online қабылдау