«Siber Koza» халықаралық инновация және инкубация орталығы

«Siber Koza» – ерекше және технологиялық идеяларды инновациялық бизнес-идеяға айналдыруға және дұрыс ресурстармен үйлестіру арқылы өркендеуге мүмкіндік беретін кәсіби кәсіпкерлік алаңы. Бұл Түркиядағы киберқауіпсіздік пен жасанды интеллект технологияларына басымдық беретін алғашқы және жалғыз платформа. «Siber Koza» дарынды жастарды анықтау және оқыту, оларға гүлденген экожүйелерді құруға көмектесу үшін жарқын ойларды, алуан түрлі идеялар мен жобаларды, кәсіпкерлерді, компанияларды, инвесторлар мен мамандарды біріктіру мақсатында құрылған. «Siber Koza» орталығы аясында университетте оқытушылар мен студенттердің тың идеяларын қолдауға бағытталған түрлі ғылыми-инновациялық жобалар жүзеге асырылатын болады.

 

Негізгі қызмет:

 

  • Оқыту;
  • Жобаларды бірлесіп әзірлеу және қолдау;
  • Дарынды студенттерге тәлімгерлік және практикалық тәжірибе көрсету;
  • Білікті кадрларды іздеу және іріктеу;
  •  Табысты жобаларды кәсіпкерлік және инвестициялық қолдау.
Үйлестірушілер

Жалпы «Siber Koza» технологияның барлық салаларында, әсіресе жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласында білікті жұмыс күшін даярлау үшін құрылған. Қазіргі таңда «Тұран» университеті Түркиядағы киберқауіпсіздік және жасанды интеллект технологияларының басымдығы бойынша бірінші және жалғыз «Siber Koza» платформасымен бірлесіп, университет студенттері арасында жастардың инновациялық ғылыми жобаларын іске асыруда.

 

Аты-жөні Мамандығы
1 Селезнёв Валерий ИР 222(4)
2 Тыныштыкбаев Батырхан ИС 222(4)
3 Гридасова Дарья ИС 222(3)
4 Гаврилова Анастасия ИС 222(3)
5 Зинченко Максим ИС 212(4)

 

Ақпараттық хаттарда осы жобалар қызметінің негізгі бағыттары бойынша толығырақ ақпарат берілген.

Online қабылдау