16.05.2024 ж. бастап 02.06.2024 ж. аралығында вакансиялар

«Тұран» университеті» Мекемесі 2024-2025 оқу жылына профессороқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушы тұлғалар хабарландыру 16.05.2024 ж. бастап 02.06.2024 ж. аралығында ректордың атына өтініш (нысаны бойынша) береді. (211 кабинет)

 

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 16А, 211 каб. және Достық даңғылы 110, 106 каб.

 

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8(727)260-40-14, факс 8(727) 262-22-98, 8(727)264-48-72, факс 8(727) 264-39-82 немесе е-mail бойынша: reception@turan-edu.kz, hr@turan-edu.kz

Профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсына «Тұран» университетінің профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тұлғалар жіберіледі.

 

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

  • жеке куәлік
  • кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
  • түйіндеме (нысаны бойынша); (жүктеу)
  • жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмесі, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  • ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда); (жүктеу)
  • тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен берілетін, есепке алыну бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (EGOV.KZ);
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  • №075 нысанындағы медициналық анықтама;
  • конкурса қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы (EGOV.KZ);
  • конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы (EGOV.KZ);
  • профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жоба презентациясы және ғылыми-зерттеу жұмысының жобасы (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан көп емес);

 

Конкурсқа қатысушысы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар ұсынуға құқылы.

 

Тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын ұсынбау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

Үміткер көрсетілген мерзімнен кеш ұсынған өтініштер мен конкурстық құжаттар қарастырылмайды.

 

Положение о ППС и квалиф. требованиях к должностям ППС Положение о конкурсном замещении должностей ППС
«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫ ҚҰРАМЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Қаржы» кафедрасына:

профессор – 1 бірлік;

қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.

«Есеп және аудит» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.

«Маркетинг және логистика» кафедрасына:

профессор – 1 бірлік (логистика);

қауымдастырылған профессор – 2 бірлік (логистика).

«Менеджмент» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор – 2 бірлік.

«Әлемдік және ұлттық экономика» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор – 1 бірлік.

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасына:

профессор – 1 бірлік;

қауымдастырылған профессор – 4 бірлік;

сениор-лектор – 2 бірлік.

«Журналистика және аударма ісі» кафедрасына:

профессор – 2 бірлік;

қауымдастырылған профессор – 3 бірлік (қазақ тілі, орыс тілі, аударма ісі).

 «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасына:

профессор – 1 бірлік;

қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;

сениор-лектор – 2 бірлік;

ассистент-лектор – 2 бірлік.

«Психология» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор – 3 бірлік.

«Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор – 2 бірлік.

«Компьютерлік және бағдарламалық инженерия» кафедрасына:

профессор – 1 бірлік;

қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;

қауымдастырылған зерттеуші-профессор – 2 бірлік.

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасына:

профессор – 1 бірлік;

қауымдастырылған профессор – 1 бірлік;

қауымдастырылған зерттеуші-профессор – 2 бірлік.

«Turan Film Academy» жоғарғы мектебіне:

профессор – 3 бірлік;

қауымдастырылған профессор – 3 бірлік;

қауымдастырылған зерттеуші-профессор – 4 бірлік;

сениор-лектор – 5 бірлік.

Құжаттар мына мекенжайлар бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 16А, 211 каб. және Достық даңғылы 110, 106 каб.

 

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8(727)260-40-14, факс 8(727) 262-22-98, 8(727)264-48-72, факс 8(727) 264-39-82 немесе е-mail бойынша: hr@turan-edu.kz

 

Online қабылдау