Жобаларды басқару апталығы аясында «Тұран» университетінде Жоба менеджерлері одағымен және Халықаралық ақпараттандыру академиясымен бірлесіп Жобалық кеңсе ашылды.
Жобалық кеңсенің негізгі міндеттері:
- кәсіби сертификаттауды одан әрі алу мүмкіндігі үшін, оқытушылар мен студенттерді жобаларды басқару негіздеріне оқыту;
- әдістемелік қамтамасыз ету, тиімді процестерді құру;
- мүдделі тараптарды тарту және әртүрлі топтардың жобаны әзірлеу мәселелерін талқылауы;
- нәтижеге бағытталған корпоративтік мәдениетті өзгертуге ықпал ететін қызметкерлерді оқыту;
- жобалық портфолио мониторингі және қажетті басқару шараларын уақтылы қабылдау үшін АТ жүйелерін енгізу.