Әлемдегі итальяндық тағамдардың VI аптасы

2021жылы итальяндық тағамдардың VI аптасы бүкіл әлемде өтті. Оның тақырыбы «Итальяндық тағамдардың дәстүрлері мен болашағы: азық-түлік саласындағы саналы тұтынудың маңыздылығы мен танымалдылығы» болды. Бұл жоба 2016 жылы басталып, өмір сүру кезеңінде өзін итальяндық өмір салтын алға жылжытудың тиімді құралы ретінде көрсетті. Қазақстанда жобаны Италияның Нұр-сұлтан қаласындағы Елшілігі және Алматы қаласындағы ICE кеңсесі жеке серіктестермен ынтымақтастықта іске асырады.

 

Әлемде итальяндық тағамдар апталығы жыл сайын қараша айының соңында итальяндық гастрономияны, эногастрономияны және Италияның әр түрлі аймақтарының аспаздық ерекшеліктерін насихаттау мақсатында өткізіледі. Жобаны ұйымдастыру аспаздық дәстүрлердің құндылығын Италияның ұлттық бірегейлігінің және оның мәдениетінің символы – Made in Italy («Италияда жасалған») феноменін жетілдірудің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде жеткізу мақсатын көздейді.

 

Осы жоба аясында 26 қарашада Алматы қаласында атақты төрт шеф-аспазшының: Джанлуки Руини, Ольга Ильина, Арслан Ялчын және Роберто Спадаччинидің кәсіби аспаздық шеберлік сыныбы өтті. Шақырылған қонақтар арасында «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары қауымдастырылған профессор Файзуллина Галия Шаукетовна және сениор-лектор Оспанова Анар Қайратовна, сондай-ақ «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ольга Садчикова болды.

Online қабылдау