Олимпиадаға қатысу үшін 17 ЖОО өтініш келіп түсті, оның 12-сі ұйымдастырушылардың талаптарына сәйкес іріктеуден өтті.
Олимпиаданың Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша келесі ЖОО-ның студенттері мен ғылыми жетекшілері іріктеуден өтті: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, «Торайғыров университеті» КЕ АҚ, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕ АҚ, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Астана халықаралық университеті, Almaty Management University, Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Нархоз университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, «Тұран» Университеті Мекемесі.
Өткізілген Олимпиаданың серіктестері: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жобасы, IDF Eurasia Халықаралық қаржылық тобы, SOLVA Қазақстандағы баламалы кредиттеудің алғашқы және ірі онлайн-сервисі, «Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы» АҚ, «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ.
Олимпиаданың әділ қазылар алқасының құрамына кіргендер:
- Төраға – Ынтыкбаева С.К., Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы;
- Төраға орынбасары – Маргацкий Р.В., э.ғ.к., «Тұран» университеті «Қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Әділ қазылар алқасының мүшелері:
- Тарханова К.Г. – «IDF Eurasia» Халықаралық финтех холдингі ШОБ кредиттік және бейкредиттік өнімдері Басқармасының жетекшісі;
- Вергель С.С. – «Centras insurance» СК АҚ сақтандыру қауіпсіздігі Департаменті директорының орынбасары;
- Нурахметова И.Н. – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бас маманы;
- Айгалин А.А. – э.ғ.к., «Тұран» университеті «Қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Сигаев Е.А. – э.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының профессоры м.а.
- Хатшы: Амангожаева А.Б., «Қаржы» кафедрасының сениор-лекторы, э.ғ.м.
Екінші кезеңде іріктеуден өткен студенттер үш турға қатысты:
- «Қаржыға кіріспе», «Салық және салық салу» пәндері бойынша тестілеу;
- «Корпоративтік қаржы», «Банк ісі» пәндері бойынша жағдаяттық есептерді шешу;
- Олимпиаданың «Қазақстан қаржысы: жаңа сын-қатерлерге жауап іздеу» тақырыбы бойынша ғылыми жобаларды қорғау.
ЖОО «Болашақ қаржыгерлері» бейневизиткалар көрсетілімі өте қызықты болды, бейневизиткалар Инстаграмдағы қаралым мен түсініктемелер (комментарийлер) саны бойынша бағаланды.
Әділ қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша төмендегі студенттер жеңіске жетті:
- 1-орын – Нуртазинова Жанерке Сергеевна (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті);
- 2-орын – Жексен Айгерім Айдосқызы (Almaty Management University);
- 2-орын – Жұмахметова Айзада Жұмабекқызы («Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕ АҚ);
- 3-орын – Елемесова Алина Cагадатовна («Торайғыров университеті» КЕ АҚ);
- 3-орын – Бейімбетова Әйгерім (Нархоз Университеті);
- 3-орын – Абдурахманов Азамат Болатұлы («Тұран» Университеті Мекемесі).
Олимпиада жүлдегерлері дипломдармен, ал олимпиада қатысушылары серіктестердің атаулы сертификаттарымен марапатталды.